Malim.kz
Спорт

Қазақстан қоржынында жетінші қола

Malim Админ

Каратэші Дархан Асәділов Токио Олимпиадасының жартылай финалда Стивен да Костадан ұтылды. Сөйтіп қола медальға қол жеткізді.

А тобында өнер көрсеткен каратэші үшінші қарсыласы жапон Саго Наотоны 3:0 есебімен жеңіп, мерзімінен бұрын жартылай финалға жолдама алған еді.

Айта кетейік, қазақстандық каратэші алғашқы кездесуінде 6:2 есебімен басым түскен.  Кейін әзербайжандық Фирдоуси Фарзалиевті де 6:2 есебімен ұтқан еді.

Бұл Қазақстан қоржынан түскен жетінші қола медаль. Бұған дейін қола медальға Елдос Сметов, Игорь Сон, Зулфия Чиншанло, Қамшыбек Қоңқабаев, Сәкен Бибосынов, Нұрислам Санаев қол жеткізген болатын. 

Malim Админ
Автордың басқа материалдары