Қазақстан құрамасы садақ атудан Түркияның Анталья қаласында өтетін Әлем кубогының үшінші кезеңіне қатысады, деп хабарлайды Malim.kz.
Алдағы жарысқа қатысушылар тізімін халықаралық World Archery федерациясы жариялады. Қазақстан құрамасының алдын ала тізімі төмендегідей:
Классикалық садақ ату: Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай, Иван Берча, Дастан Кәрімов, Александра Землянова, Диана Тұрсынбек, Медина Мұрат, Самира Жұмағұлова.
Блоктық садақ ату: Виктория Лян, Адель Жексенбинова, Роксана Юнусова, Диана Юнусова, Андрей Тютюн, Ақбарәлі Қарабаев, Бунед Мирзаметов, Мұса Ділмұхамет.
Айта кетейік, Әлем кубогының кезеңі 9-14 маусым аралығында өтеді.