Malim.kz
Спорт

Қазақстан құрамасы семсерлесуден Әлем кубогында қола медаль жеңіп алды

• Арман Қайыпхан

Рапирамен семсерлесуден Қазақстан құрамасы Фуджейрада өтіп жатқан әлем кубогында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Malim.kz.

Жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогында Қазақстан атынан төмендегі спортшылар өнер көрсетті:

София Ақтаева;
Алена Гноева;
Алина Искандерова;
Алуа Нұрқанова.
Отандастарымыз қола жүлде үшін Чехиямен кездесіп, 45:31 есебімен басым түсті.

Айта кетейік, бұған дейін София Ақтаева жекелей сында алтын медаль иеленген еді.

Фото: ҰОК

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары