Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы Министрлер кабинеті арасындағы инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау жөніндегі Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Malim.kz.
Құжат инвестицияларға тең жағдай жасауға, оларды қорғауға кепілдік береді және оларды ұлттық меншікке айналдыру мүмкіндігін болдырмайды. Бұл келісім екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты және өңірлік интеграцияны нығайтуға бағытталған.
Фото: Ақорда