Malim.kz
Экономика

Қазақстан-Қытай: жүк тасымалында Достықтың мәні зор

Айгүл Таңатар
Ашық дереккөзден

Еліміздің Көлік министрлігінің деректері бойынша 2026 жылғы бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалының көлемі 18,7 млн тоннаға жеткен. Бұл - жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9%-ға артық көрсеткіш, деп хабарлайды Malim.kz.

Жүк тасымалы көлемінің өсуіне Достық шекаралық өткелі елеулі үлес қосты. Биылғы алты айда аталған өткел арқылы 10,6 млн тонна жүк тасымалданып, бұл 2025 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 15%-ға артық болды. Сонымен қатар Достық станциясы арқылы жүзеге асырылған экспорттық тасымал көлемі 5,4 млн тоннаға жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15%-ға өсті.

1990 жылы ашылған Достық станциясы Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалын ұйымдастырудағы негізгі буындардың біріне айналды. Өткен жылдар ішінде мемлекеттік шекараның екі жағында да заманауи инфрақұрылым мен терминалдар қалыптасты. Бүгінде бұл – мол тәжірибені, қалыптасқан дәстүрлерді және заманауи технологияларды ұштастырған ірі көлік-логистикалық торапқа айналды.

Алтынкөл шекаралық өткелінде де оң динамика сақталып отыр. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша аталған өткел арқылы 8,1 млн тонна жүк тасымалданып, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2%-ға артық болды. Станция арқылы өткен экспорттық тасымал көлемі 3,1 млн тоннаға жетіп, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 29%-ға өсті.

Айгүл Таңатар
Автордың басқа материалдары