Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Ресей Федерациясына жанар-жағармай материалдарын жеткізу мүмкіндігі туралы тараған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Malim.kz.
Ведомствоның мәліметінше, Ресей Үкіметінен автомобиль отынын сатып алу жөнінде ресми өтініш түскен жағдайда, Қазақстан өзара тиімді коммерциялық шарттар негізінде жанар-жағармай жеткізу мүмкіндігін қарастыруға дайын.
Министрлік мұнай өнімдерін жеткізуге қатысты халықаралық келісімдер мен коммерциялық шарттар жеткілікті бос ресурстық әлеует болған кезде ғана жасалатынын атап өтті.
Сонымен қатар, Қазақстан үшін басты басымдық – ішкі нарықты жанар-жағармаймен толық әрі үздіксіз қамтамасыз ету екені айтылды.
«Экспорттық жеткізілімдер азаматтар мен ел экономикасының қажеттіліктеріне қауіп төнбеген жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкін», – деп мәлімдеді Энергетика министрлігі.