Қазақстан Ресеймен ЖЭО-ын салу туралы келісім жасайды. Бұл туралы
Қазақстанның энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев алқа отырысы барысында ведомствоның 2023 жылғы жұмысының қорытындылары туралы есеп беру кезінде айтты.
«Көкшетау (Э/м – 240 МВт, т/м – 520 Гкал/сағ), Семей (э/м – 360 МВт, т/м – 1200 Гкал/сағ) және Өскемен (э/м-360 МВт, т /м-1002 Гкал / сағ) қалаларында көмір ЖЭО салу жобалары бойынша Ресеймен ЖПҚ жасасу жоспарлануда», - деді министр.
Фото: ашық дереккөзден