Malim.kz
Спорт

Қазақстан садақшылары Олимпиаданы бастады: нәтиже қандай?

Арман Қайыпхан

Париж Олимпиадасында садақ атудан рейтингілік раунд аяқталды, - деп хабарлайды Malim.kz.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, спорттың бұл түрінен Ильфат Абдуллин,  Дәулеткелді Жаңбырбай және Александр Еременко сынға түсіп жатыр.

Қазақстандық садақшылардың нәтижесі төмендегідей: 

Ильфат Абдуллин  - 29 орын;

Дәулеткелдi Жаңбырбай  - 22 орын;

Александр Еременко - 59 орын.

Енді турнир кестесі жасақталып, 1/32 айналымда кездесетін қарсыластар анықталады. Барлығы 64 спортшы жүлдеге таласып жатыр. 

Айта кетейік, садақ атудан Қазақстан командасы Париж Олимпиадасында сынға түскен алғашқы отандық атлеттер саналады.

Фото: ҰОҚ/Владислав Семенов

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары