Malim.kz
Шоу-бизнес

Қазақстан шекарасынан өтпек болған танымал әнші ұсталды

• Мадина Ізекен
Фото: @navaib

HammAli & Navai дуэті арқылы көпшілікке танылған ресейлік рэпер Navai Қазақстан шекарасында есірткі контрабандасына оқталды деген күдікпен ұсталды. Әншінің көлігін тексеру кезінде есірткі заты табылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Полиция мәліметінше, танымал орындаушы Қазақстан аумағына кірмек болған кезде оның көлігі тексерілген. Тексеру барысында автокөліктен есірткі заттары табылған. Осыған байланысты әншіге қатысты есірткі заттарын контрабандалық жолмен алып өтуге оқталды деген күдікпен қылмыстық іс қозғалған. Қазіргі уақытта Navai уақытша ұстау изоляторында отыр.

Айта кетейік, 14 қазанда рэпер Астана қаласында концерт беруі тиіс болған. Алайда оның өнер көрсетуі тоқтатылған немесе белгісіз мерзімге кейінге шегерілген.

Концерт ұйымдастырушылары мұндай шешімді техникалық себептермен түсіндірген.

Navai деген кім?

Navai (шын есімі – Наваи Бакиров) – әзербайжан текті ресейлік рэпер, әнші және ән авторы. Ол 1995 жылы 2 сәуірде Ресейдің Самара қаласында дүниеге келген.

Өнер иесі HammAli & Navai музыкалық дуэтінің мүшесі ретінде кеңінен танылды. Топ "Пустите меня на танцпол", "Ноты", "Девочка-война" және "Прятки" әндерімен тыңдарман ықыласына бөленді.

Navai жеке шығармашылығымен де айналысып, орыстілді музыка кеңістігінде танымал орындаушылардың біріне айналды.

Мадина Ізекен
Автордың басқа материалдары