Malim.kz
Экономика

Қазақстан ТМД-ның Өнеркәсіптік саясат жөніндегі кеңесіне төрағалық етеді

Айбын Атабай

Ерсайын Нағаспаев ТМД елдерінің өнеркәсіптік кеңесінің төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Астанада Еуразиялық экономикалық форум аясында өткен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Өнеркәсіптік саясат жөніндегі кеңесінің XII отырысына қатысты. Отырыста кооперацияны тереңдету, технология саласында әріптестікті дамыту және өнеркәсіпте тұрақты өндірістік тізбектерді қалыптастыру перспективалары талқыланды.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі алқалы жиынға қатысушыларға арнаған өзінің құттықтау сөзінде аталған халықаралық ұйымның елдер арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытудағы маңызды рөлін атап өтті.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары