Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы бірінші дивизионның А тобында үшінші ойынын Польшаға қарсы өткізді, деп хабарлайды Malim.kz.
Қазақпараттың жазуынша, кездесу барысында польшалық хоккейшілер жылдам гол соққан. Одан кейін отандастарымыз таразы басын теңестіруге ұмтылды. Соған қарамастан бірінші және екінші кезеңде олар қарсылас қақпасынан саңылау таба алған жоқ.
Үшінші кезеңде қазақстандық хоккейшілер польшалық қақпашыны үш мәрте қапы қалдырса, өз қақпасына бір гол жіберіп алды.
Қазақстан - Польша (0:1, 0:0, 3:1)
0:1 - 01:09 - Вронка (Лышчарчик, Нарог)
1:1 - 48:01 - Муратов (Михайлов, Шестаков)
2:1 - 57:53 - Симонов (Логвин, Ляпунов)
3:1 - 58:53 - Савицкий (Қайыржан, Шестаков)
3:2 - 59:58 - Крежолек (Валега, Вронка)
Қақпашылар: Шутов - Фучик
Осылайша Қазақстан құрамасы қарсыласын 3:2 есебімен жеңіп, турнир кестесінде тоғыз ұпаймен көш басына шықты. Екі құрама қазірге дейін 12 мәрте кездесіп, он бірінде отандастарымыз жеңіске жеткен еді. Айта кетсек, бұдан бұрын қазақстандық хоккейшілер Литвадан 4:1, Жапониядан 6:0 есебімен басым түсті.
Енді қазақстандық хоккейшілер енді 7 мамырда 19:00–де Украина, 8 мамырда 15:30–да Франция құрамаларымен шеберлік байқасады.