Malim.kz
Спорт

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы әлем чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды

Арман Қайыпхан
Фото: olympic.kz

Әзербайжанның Баку қаласында өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы күрестен әлем чемпионатында қазақстандық Дияр Аманәлі мен Бақдәулет Ағабек топ жарды, деп хабарлайды Malim.kz.

Еркін күрестен 48 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Бақдәулет Ағабек финалда үндістандық қарсыласын 10:0 есебімен айқын жеңіп, әлем чемпионы атанды. Ал грек-рим күресінен 55 келіге дейінгі салмақта белдескен Дияр Аманәлі финалда Венгрия өкілін жеңіп, алтын медаль еншіледі.

Осылайша, қазақстандық жас балуандар ел қоржынына әлем чемпионатының екі алтын медалін сыйлады.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары