Қазақстанда еңбек нарығындағы өзгерістер мен жаңа мамандықтардың пайда болуына байланысты кадр даярлау жүйесі жаңғыртылып жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.
Министрдің айтуынша, 2026 жылы Жаңа мамандықтар атласы негізінде 1 983 білім беру бағдарламасы жаңартылған. Салыстыру үшін, 2022 жылы небәрі 7 бағдарлама өзектендірілген.
Сонымен қатар еліміздің 20 өңірлік картасы әзірленіп, онда 2 мыңнан астам жаңа мамандық айқындалған. Бұған қоса, қазіргі қолданыстағы мамандықтарда болып жатқан өзгерістер де ескерілген.
Жаңа бағыттардың қатарында цифрлық егіздермен жұмыс істейтін және өндірістік процестерде жасанды интеллектіні қолданатын мамандар бар.
Білім беру бағдарламаларына микробіліктіліктер мен өндіріс орнында оқыту тәсілдері де енгізіліп жатыр.