Премьер-министр Олжас Бектенов ақпараттық кеңістіктің қауіпсіздігін күшейту жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлеу үшін ведомствоаралық жұмыс тобын құруды тапсырды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.
Бұл туралы тиісті құжатта жазылған. Онда келесі тармақтар көрсетілген:
- Ақпараттық кеңістіктің қауіпсіздігін күшейту бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлейтін ведомствоаралық жұмыс тобын құру.
 - Жұмыс тобы 2025 жылғы 31 қазанға дейін Үкімет Аппаратына тиісті ұсыныстарды енгізуге тиіс.
 
Құжаттың орындалуын Премьер-министрдің орынбасары Ержан Көшербаев бақылайды.
Жұмыс тобының құрамы:
- Премьер-министрдің орынбасары – топ жетекшісі;
 - Мәдениет және ақпарат министрі – жетекшінің орынбасары;
 - Вице-министр – топ хатшысы;
 - ҰҚК төрағасының орынбасары (келісім бойынша);
 - Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша);
 - Сыртқы істер министрінің орынбасары;
 - Ішкі істер министрінің орынбасары;
 - Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі;
 - Қауіпсіздік кеңесінің өзекті мәселелер бөлімі сектор меңгерушісі (келісім бойынша);
 - Президент Әкімшілігінің коммуникациялар бөлімі сектор меңгерушісі (келісім бойынша);
 - Президент Әкімшілігінің цифрландыруды дамыту бөлімі сектор меңгерушісі (келісім бойынша);
 - Үкімет Аппаратының әлеуметтік даму бөлімі меңгерушісі.
 
Жұмыс тобы ұлттық ақпараттық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған нақты ұсыныстар әзірлеп, оларды Үкіметке ұсынуға тиіс.
Фото: рrimeminister.kz