Malim.kz
Экономика

Қазақстанда авиакеросин тапшы. Көлік министрлігі түсініктеме берді

Malim Админ

Қазақстанда авиакеросин тапшылығы жылына шамамен 350 мың тоннаны құрайды. Бұл туралы көлік вице-министрі Талғат Ластаев азаматтық авиация мәселелеріне арналған брифингте айтты. 

«Тапшылық болды және әлі бар. Өндіріс жылына 600-650 мың тоннаны құраса, қажеттілік бір миллионнан асады. Яғни, қазіргі сұранысқа байланысты 350 мың тоннаға жуық тапшылық импорт арқылы жабылады», - деді вице-министр.

Фото: dzen.ru

Malim Админ
Автордың басқа материалдары