Malim.kz
Оқиға

Қазақстанда бір айдың ішінде екінші рет мешіт өртенді

Сабина Асқарқызы

Алматы облысындағы Қарасай ауданында мешіт өртенді, деп хабарлайды Malim.kz.
Оқиға 9 ақпанда таңертең Алматы облысындағы Қарасай ауданы Еңбекші ауылында болған. 50 шаршы метр алаңдағы мешітте жиһаз және шаруашылық заттар өртенген. 

ТЖМ қызметкерлері өртті сөндірді. Оқиғаның мән-жайы тексерілуде.

Қабылданған жедел шаралармен өрт 50 шаршы метр алаңда оқшауланып, жойылды.  Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. 

Айта кетейік, бұған дейін қаңтар айында Қарағанды ​​облысының Қарқаралы ауданына қарасты Томар ауылдағы мешіт өртеніп кеткен еді.

Фото: видеодан скрин

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары