Қазақстанда педагогикалық университеттерге түсу тәртібі өзгереді, деп хабарлайды Malim.kz.
Қазақстанда педагогикалық жоғары оқу орындарына түскісі келетін талапкерлер үшін жаңа талап енгізіледі. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, енді талапкерлер ҰБТ-дан бөлек, университет деңгейінде қосымша ауызша емтихан тапсырады. Жоғары оқу орындары үміткердің мамандыққа қаншалықты сай келетінін өздері бағалайды.
Жаңа жүйе бойынша бұл – іріктеудің екінші кезеңі болмақ. Ал талапкерлерді қабылдау дәл осы кезеңнің нәтижесіне байланысты жүзеге асырылады.
Саясат Нұрбектің сөзінше, қазіргі таңда емтихан форматы әзірленіп жатыр. Қарастырылып отырған негізгі нұсқалардың бірі – әңгімелесу (сұхбат) форматында өткізу.