Malim.kz
Денсаулық

Денсаулық: бірыңғай цифрлық платформа іске қосылды

Айгүл Таңатар
https://ortcom.kz/

Қазақстанда денсаулық сақтау саласының ресурстарын басқаруға арналған бірыңғай цифрлық жүйе – Health Intelligence Platform (Зияткерлік денсаулық сақтау платформасы) іске қосылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, жаңа платформа медициналық ұйымдар, дәрігерлер, медициналық техника, лицензиялар мен инфрақұрылымға қатысты мәліметтерді бір цифрлық кеңістікте біріктіреді.

Сондай-ақ платформа денсаулық сақтау жүйесіндегі ресурстарды нақты уақытқа жақын режимде бақылауға мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде басқарушылық шешімдерді жедел қабылдау, өңірлердегі кадрлық және материалдық-техникалық ахуалды талдау, сондай-ақ медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын тиімді бағалау көзделген.

Жүйенің маңызды мүмкіндіктерінің бірі - медициналық ұйымдардың лицензиялық талаптарға сәйкестігін қашықтан бағалау. Пилоттық кезеңнің өзінде цифрлық талдау нәтижесінде лицензиялық талаптарға сәйкес келмейтін 38 медициналық ұйым анықталған.
Денсаулық сақтау министрлігі жаңа платформа саланы цифрлық басқарудың негізгі құралдарының біріне айналатынын атап өтті. Ведомствоның айтуынша, бұл жүйе мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттырып, денсаулық сақтау ұйымдарының қызметіндегі тәуекелдерді ерте кезеңде анықтауға және медициналық қызмет сапасын жақсартуға ықпал етеді.

Айгүл Таңатар
Автордың басқа материалдары