2026 жылғы 17 наурызда Қазақстандағы валюта нарығында доллар бағамы айтарлықтай төмендеді, деп хабарлайды Malim.kz.
Қазақстан қор биржасы (KASE) сауда-саттығының қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа өлшенген бағамы 479,02 теңгені құрап, бір күн ішінде 6,59 теңгеге арзандады.
Бұл көрсеткіш – 2024 жылдың қыркүйегінен бергі ең төменгі деңгей. Ол кезде доллар бағамы 480 теңгеден төмен түскен болатын.
Ал Қазақстан Ұлттық банкі белгілеген ресми бағам 17 наурызға 486,20 теңге деңгейінде бекітілді.
Сондай-ақ таңертең еліміздің айырбастау пункттерінде де доллар бағамы күрт төмендегені байқалды. Нарықтағы мәліметтерге сәйкес, Алматы қаласында долларды сатып алу бағамы орта есеппен 479,23 теңге, сату – 482,06 теңге болды. Астанада сатып алу бағамы шамамен 476,10 теңгені, ал сату бағамы 483,10 теңгені құрады.
Сарапшылардың пікірінше, ұлттық валютаның нығаюы сыртқы нарықтағы факторлар мен ішкі экономикалық үрдістерге байланысты болуы мүмкін.