Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 492,75 теңгені құрады, деп хабарлайды Malim.kz.
Осылайша, доллар бағамы бір күнде 3,19 теңгеге қымбаттап, 490 теңге межесінен асты.
Сауда нәтижесінде еуро бағамы да өсім көрсетіп, 573,14 теңгеге жетті. Еуропалық валюта бір күнде 3,56 теңгеге нығайды.
Ал ресейлік рубльдің бағамы керісінше төмендеп, 6,7697 теңгені құрады. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 0,0918 теңгеге аз.
Сарапшылардың пікірінше, валюта нарығындағы өзгерістер сыртқы экономикалық факторлар мен әлемдік қаржы нарықтарындағы ахуалға байланысты болып отыр.