Malim.kz
Экономика

Қазақстанда доллар бағамы өсті

Арман Қайыпхан
Фото: Malim.kz

Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 464,53 теңгені құрап, 1,44 теңгеге өсті. Ал Қазақстан Ұлттық банкі 4 мамырға арналған ресми бағамды 462,91 теңге деңгейінде белгіледі, деп хабарлайды Malim.kz.

Kurs.kz деректеріне сәйкес, Астанадағы айырбастау пункттерінде доллар 461,00 теңгеден сатып алынып, 468,00 теңгеден сатылып жатыр. Еуро бағамы 539,00–549,00 теңге аралығында, ал рубль 6,00–6,30 теңге шамасында саудалануда.

Алматыда америкалық валюта орта есеппен 463,23 теңгеден сатып алынып, 465,28 теңгеден сатылуда. Еуро 542,91–547,94 теңге аралығында, рубль 5,94–6,08 теңге деңгейінде.

Шымкент қаласында доллар 464,41 теңгеден сатып алынып, 466,45 теңгеден сатылып жатыр. Еуро бағамы 541,75–546,18 теңге аралығында болса, рубль 6,01–6,08 теңге шамасында. 

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары