Malim.kz
Экономика

Қазақстанда доллар қайта арзандады

Арман Қайыпхан
Фото: Malim.kz

, деп хабарлайды Malim.kz.

17 желтоқсан, сәрсенбі күні Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының бағамы 514,32 теңге деңгейінде қалыптасты. Бір тәулік ішінде доллар 4,49 теңгеге арзандады.

Еуро бағамы 603,27 теңгеге дейін төмендеп, 6,01 теңгеге арзандады. Ал рубль бағамы айтарлықтай өзгермей, 6,4115 теңгені құрады (−0,1363).

Еске салсақ, 4 желтоқсан күні KASE-дегі күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 499,65 теңгені құрады. Осылайша, нарық үшін маңызды саналатын доллардың 500 теңгелік «психологиялық межесінен» төмен түсті.

Ал 15 желтоқсанда доллардың орташа өлшенген бағамы 519,61 теңге болып қалыптасып, 2,63 теңгеге төмендеді.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары