Malim.kz
Экономика

Қазақстанда газ бағасын көтеру ұсынылды

Арман Қайыпхан
Фото: pixabay

"QazaqGaz" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Әлібек Жамауов Қазақстанда газ бағасын кезең-кезеңімен көтеру қажет екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

"Самұрық-Қазына" қорының Қоғамдық кеңесі отырысында ол елімізде тауарлық газдың көтерме бағасы біртіндеп өсіп келе жатқанына қарамастан, Қазақстанда халық үшін көгілдір отын тарифтері ең төмен елдердің бірі болып отырғанын атап өтті.

Соңғы 33 пайыздық түзетуді ескергеннің өзінде ішкі нарықтағы жыл сайынғы субсидия көлемі шамамен 200 миллиард теңгені құрайды, — деді ол.

Әлібек Жамауовтың айтуынша, соңғы жылдары газ бағасының өсімі әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасынан әлдеқайда төмен болған. Соның нәтижесінде қазақстандықтардың коммуналдық төлемдеріндегі газдың үлесі соңғы он жылда 6,4 пайыздан 5,2 пайызға дейін азайған.

Тұрақты жеткізілімді қамтамасыз ету, инвестициялық жобаларды іске асыру және инфрақұрылымды дамыту үшін көтерме бағаны өзіндік құн деңгейіне дейін біртіндеп жеткізу қажет. Бұл елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтып, Қазақстанның барлық өңірлерінде сенімді газбен қамтуды қамтамасыз етеді, — деп түсіндірді "QazaqGaz" басшысы.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары