Malim.kz
Саясат

Қазақстанда гепатит А ауруына шалдыққандар көбейген

• Malim Админ

- 2024 жылдың басынан бері елімізде 850 адам гепатит А дертімен ауырған. Гепатит А лас су, бүлінген азық-түліктен және ауырған адаммен қол алысып амандасқанда жұғады,-дейді министрлік өкілдері.
Дәрігерлер сөзінше, Гепатит А-ға шалдыққан адамның ауырғанда екі апта және ауырып болған соң тағы екі апта айналасына жұқпалы дерт тарату ықтималдығы жоғары.
Мамандар дене қызуының көтерілуі, лоқсу, бас ауру, тәбеттің жоғалуы, әлсіреу – гепатит А белгілері екенін алға тартады.

Фото: Интернеттен

Malim Админ
Автордың басқа материалдары