Malim.kz
Экономика

Қазақстанда кейбір азаматтардың несиесі тексерусіз кешіріледі

Сабина Асқарқызы
Depositphotos.com

Қазақстанда бірқатар азаматтар мерзімі өткен несиелерін табысы мен мүлкін тексерусіз есептен шығаруға мүмкіндік алады. Бұл туралы қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазіргі талап бойынша, қарызды есептен шығару үшін азамат екі негізгі шартқа сай болуы тиіс:

Алайда бұл талаптар барлық азаматтарға бірдей қолданылмайды.

Кімдерге тексерусіз кешіріледі

Егер несие бойынша берешек 5 жылдан астам уақыт өтелмеген болса, онда жоғарыдағы шарттар қолданылмайды.

«Егер мерзімі 5 жыл және одан көп болса, бұл екі шарт қолданылмайды. Азамат өтініш берсе, табысы мен мүлкі тексерілмей-ақ қарызы кешіріледі», – деді Мәдина Әбілқасымова.

Жаңа өзгерістер аясында «проактивті банкроттық» механизмі енгізіледі. Бұл жағдайда мемлекет борышкерлерді өзі анықтайды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі осындай азаматтарға SMS-хабарлама жіберіп, банкроттық рәсімін ұсынатын болады.

«Оларға SMS жіберіп, банкроттықты ұсынамыз. Қазір бұл мүмкіндікті пайдаланатындар аз болып тұр дейді», – деді ведомство басшысы.

Жаңа несие беру талаптары

Сонымен қатар, 1 шілдеден бастап Қазақстанда несие беру талаптары күшейтіледі. Банктер қарыз алушының төлем қабілетін қатаң бағалайды.

Атап айтқанда:

Бұл көрсеткіштер адамның табысының қанша бөлігі несиелерге кететінін анықтайды. Көрсеткіш жоғары болған сайын жаңа несие алу мүмкіндігі төмендейді.

Қазақстанда барлық несиелер жаппай кешірілмейді. Алайда 5 жылдан астам мерзімі өткен қарызы бар азаматтар үшін талаптар жеңілдетіліп, тіпті тексерусіз есептен шығару мүмкіндігі қарастырылып отыр.

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары