Malim.kz
Сұқбат

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 60-тан асты

Malim Админ
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 62-ге жетті. Мәліметтерге қарағанда соңғы тіркелген үш адам да Алматы қаласынан шыққан. 

Алматыда тағы екі адамның короновирус жұқтырғаны жайлы қалалық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Тілеухан Әбілдаев хабарлады. Оның айтуынша, екеуі де вирусты Қазақстан аумағында жұқтырған.

"Екі пациент бұған дейін осы індетті жұқтырған жандармен байланыста болған. Олардың бәрі стационарда карантинде жатты. Коронавирус инфекциясын анықтау және емдеу хаттамасына сәйкес ем-дом шаралары басталды. Екі науқастың да жағдайы қанағаттанарлық", - деді Әбілдаев.

Алматыдағы соңғы жағдай бойынша 27 адам; Нұр-Сұлтанда - 31; Қарағандыда - 2; Алматы облысы - 1; Ақтөбе облысында 1 адам қауіпті вирус жұқтырған.

Worldometers.info сайтының сәйкес уақыттағы мәліметіне қарағанда әлемде 339 039 адам коронавирус жұқтырған.

Malim Админ
Автордың басқа материалдары