Malim.kz
Денсаулық

Қазақстанда онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім 26,6%-ға төмендеді

Арман Қайыпхан
Фото: gov.kz

Қазақстанда соңғы үш жылда онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім көрсеткіші 26,6%-ға азайды, деп хабарлайды Malim.kz.

Осы кезеңде қатерлі ісікті ерте сатысында анықтау деңгейі 36,8%-ға дейін өсті. Сонымен қатар, аурудың асқынған кезеңде анықталу жағдайлары 7,5%-ға қысқарды.

Қазіргі таңда елімізде шамамен 246 мың науқас динамикалық бақылауда тұр. Жыл сайын Қазақстанда онкологиялық аурулардың 43 мыңға жуық жаңа жағдайы тіркеледі.

Мамандардың айтуынша, қатерлі ісікті ерте анықтау емнің тиімділігін арттырып, науқастардың өмір сүру ұзақтығын ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары