Malim.kz
Мәдениет

Қазақстанда қымыз көбейіп,  шұбат азайды

Malim Админ

Ұлттық статистика бюросы Наурыз мерекесі қарсаңында ұлттық сусындар өндірісінің көрсеткішін шығарды.

Өткен жылдың 12 айында қымыз өндірісі 10,6% өсіп, 2 463 тоннаға жетті. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 236 тоннаға артық.

«Алайда шұбат өндірісі 2% төмендеп, 3003 тоннаны құрады, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 61 тоннаға аз», - делінген агенттік ақпаратында.

ФОТО: ИНТЕРНЕТТЕН

Malim Админ
Автордың басқа материалдары