Malim.kz
Экономика

Қазақстанда тағы бір банкнот жаңартылатын болды

Сабина Асқарқызы
лттық банк

2027 жылы Қазақстанда тағы бір банкнота жаңартылады. Бұл туралы Тимур Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның айтуынша, келесі жылы айналымға 20 000 теңгелік жаңа купюра шығарылмақ. Ал бұрынғы банкнота дәстүрлі түрде айналымнан толық шыққанға дейін қатар қолданыста болады.

«20 000 теңгелік жаңа купюра дайын, біз оның дизайнын көрсеткенбіз. Алайда банкноттарды өндіру және банктерді, банкоматтар желісін дайындау сияқты процестер бар. Қолма-қол ақша айналымы – күрделі жүйе, сондықтан жаңа купюра келесі жылы айналымға енгізіледі. Осылайша, банкноттар қатары толық жаңартылады», - деді Тимур Сүлейменов Ұлттық банктегі брифингте.

Журналистер Қазақстанда банкноттар сияқты тиындарды да жаңарту жоспарланып отырған-отырмағанын сұрады.

«Тиындарға қатысты нақты ештеңе айта алмаймын, әзірге ешқандай шешім қабылданған жоқ. Қолма-қол ақша айналымына байланысты түрлі жоспарлар бар, бірақ нақты шешім жоқ», - деп жауап берді Ұлттық банк төрағасы.

Еске салайық, қаңтар айында Ұлттық банк жаңа 20 мың теңгелік купюраны осы жылдың соңында айналымға шығаруы мүмкін екенін айтқан еді. Ал наурыз айында ескі үлгідегі 10 000 теңгелік банкноталардың айналым мерзімін тағы бір жылға ұзарту туралы шешім қабылданған еді. 

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары