Malim.kz
Оқиға

Қазақстанда үш жылда 30 газ баллоны жарылды: ондаған адам қаза тапты

Арман Қайыпхан
Фото: ТЖМ

Қазақстанда үш жыл ішінде газ баллондарының 30 жарылысы болған, деп хабарлайды Malim.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, осы оқиғалар салдарынан 110 адам зардап шегіп, 27 адам қаза тапқан.

Сарапшылардың бағалауынша, елде шамамен 3,5 млн газ баллоны қолданыста, олардың көпшілігі пайдалану мерзімінен асып кеткен.

Ведомство өкілдері бірыңғай есепке алу және бақылау жүйесінің жоқ екенін, сондай-ақ заңсыз толтыру жағдайлары тіркеліп отырғанын атап өтті.

Бұған қоса, импортқа тәуелділіктің жоғары болуы және жаңа баллондардың қымбаттығы да өзекті мәселе болып отыр.

ТЖМ жабдықтарды жаңартудан бастап есепке алу және кәдеге жарату жүйесін құруға дейінгі кешенді шаралар қабылдауға шақырды.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары