Қазақстан Ұлттық банкі 9 мамырда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арнап номиналы 1 мың теңгелік банкнотаны айналымға шығарады, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.
Банкноталардың таралымы - 5 миллион дана. Оның түсі – қоңыр-сарғылт.
Алдыңғы бетінде:
Даңқ мемориалы бейнеленген, Отан үшін жан қиған батырларға көрсетілген құрмет белгісі – 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта орналасқан.
Микро-оптикалық қорғаныс жолағы. Банкнота бұрышын өзгерткен кезде жолақта тереңдіктің, көлемнің және жылтырдың үш өлшемді әсері, сондай-ақ мәңгілік алау мен ұшып бара жатқан тырналар көрінеді. Тырналар силуэті – жақсылық пен үміттің бейнесі – өмірді суреттейді.
тарихи мұрағаттық фотосуреттердің үзінділерімен Қазақстан картасы бейнеленген. Ерлік, табандылық пен батырлықтың символы ретінде Отан соғысы ордені бейнеленген.
Фото: Ұлттық банк