Әлеуметтік желіде қазақстандықтар белгілі бір жағдайда жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) өзгерте алады деген ақпарат тарады. Ішкі істер министрлігі бұл мәліметке қатысты түсініктеме берді, деп Malim.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап қалдырайды.
Мәселе Threads әлеуметтік желісінде жарияланған жазбадан кейін қызу талқылана бастаған. Жазба авторы кейбір жағдайда адамның ЖСН-ды ауыстыруға мүмкіндігі бар екенін айтқан.
Алайда Ішкі істер министрлігі мұндай ақпаратты жоққа шығарды.
Ведомствоның түсіндіруінше, азаматтар заңнамада белгіленген тәртіппен уәкілетті органдарға жүгініп, аты-жөнін және басқа да жеке деректерін өзгерте алады. Бірақ адамның жеке мәліметтерінің өзгеруі оның ЖСН-ының да ауыстырылатынын білдірмейді.
"ЖСН бір рет беріледі және өзгертілмейді", – деп нақтылады министрлік.
ЖСН – әр адамға берілетін 12 цифрдан тұратын бірегей нөмір. Ол автоматты түрде қалыптастырылады және бірегейлік пен өзгермейтіндік қағидатына негізделген. Қолданыстағы ережелер бойынша бастапқыда берілген ЖСН кейін өзгертілмейді және қайта жасалмайды.
Бұған дейін әлеуметтік желіде жарамдылық мерзімі 2051 жылға дейін көрсетілген жеке куәлік те қазақстандықтардың назарын аударған еді. Желі қолданушылары ескі үлгідегі мұндай құжатты ауыстыру қажет пе және оны ХҚКО немесе банктерде пайдалану кезінде мәселе туындамай ма деген сауал көтерген.
ІІМ ол кезде де түсініктеме беріп, жеке куәлікті тек ескі үлгіде болғаны үшін ауыстырудың қажеті жоқ екенін мәлімдеген. Егер құжаттың жарамдылық мерзімі аяқталмаса және оны ауыстыруға басқа негіз болмаса, азамат оны әрі қарай пайдалана алады.