Malim.kz
Экономика

Қазақстандағы оңтүстіккореялық қаржы ұйымы банкке айналады

Malim Админ

Бұл туралы Тоқаевтың Оңтүстік Корея Президенті Юн Сок Ёльмен келіссөздерден кейінгі бірлескен мәлімдемесі барысында белгілі болды. Президент Қазақстандағы корейлік BNK Finance Kazakhstan микроқаржы ұйымын банкке айналдыруды қолдайтынын айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Бүгін банктік қадағалау саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Жаңа құжат арқылы инвестициялар қауіпсіздігін бақылаудың тәртібі реттелмек. Елімізде корейлік BNK Finance Kazakhstan микроқаржы ұйымы бар. Мен оны екінші деңгейдегі банкке айналдыру туралы шешімді қолдаймын, — деді Мемлекет басшысы.

Фото: almatyresidence.kz

Malim Админ
Автордың басқа материалдары