Malim.kz
Білім-ғылым

Қазақстандағы ЖОО кодтары: грантқа өтініш беруге қажетті университеттер тізімі

Мадияр Қапанбек
Назарбаев университеті. Фото: nu.edu.kz

Қазақстанда мемлекеттік білім грантына өтініш берген кезде талапкер таңдаған жоғары оқу орнының үш таңбалы кодын көрсетуі қажет. ЖОО коды университетті электрондық жүйеде дәл анықтауға көмектеседі, деп хабарлайды Malim.kz.

Мысалы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің коды – 027, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің коды – 013, ал Астана медицина университетінің коды – 001.

Бұл материалда Қазақстандағы жоғары оқу орындарының кодтары, олардың қазіргі атаулары және грантқа өтініш толтырған кезде ескерілуге тиіс маңызды мәселелер берілді.

ЖОО коды дегеніміз не?

ЖОО коды – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымына берілетін арнайы үш таңбалы нөмір.

Бұл код:

ЖОО кодын білім беру бағдарламасының кодымен шатастырмау керек. Мысалы, 027 – университеттің коды, ал B057 – білім беру бағдарламалары тобының коды.

Қазақстандағы ЖОО кодтарының тізімі

001 – Астана медицина университеті

002 – Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті

003 – Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті

004 – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті

005 – Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

007 – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

009 – Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті

010 – Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

011 – Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

012 – Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті

013 – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

014 – О.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті

015 – Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

016 – Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

019 – Мұхамеджан Тынышбаев атындағы ALT University

020 – Қазақ спорт және туризм академиясы

021 – Нархоз университеті

022 – Халықаралық білім беру корпорациясы

023 – Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті

024 – Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті

025 – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

026С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті

027Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

029Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті

030Қарағанды медицина университеті

031Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

032Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті

033Қарағанды индустриялық университеті

Бұл кодтар ресми грант анықтамалығында көрсетілген. Анықтамалықта 006, 008, 018 және басқа да кейбір ескі кодтардың болмауы оқу орындарының қайта ұйымдастырылуына немесе грант конкурсына қатысу жағдайына байланысты болуы мүмкін.

034–173 аралығындағы ЖОО кодтары

КодЖоғары оқу орнының атауы

034Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

035Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті

036Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті

037Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

038Toraighyrov University

039Рудный индустриялық университеті

040Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті

041Семей медицина университеті

042Шәкәрім университеті

043М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

044Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы

045М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

049Халықаралық инженерлік-технологиялық университет

053Алматы технологиялық университеті

057Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті

069Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университеті

078Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институты

079Каспий қоғамдық университеті

080Қазақстан-Ресей медицина университеті

082Қазақстан-Неміс университеті

083Алматы Менеджмент Университеті – AlmaU

093«Тұран» университеті

116«Bolashaq» академиясы

122Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті

140М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті

141Alikhan Bokeikhan University

143Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университет

145Академик Зұлхарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті

146Инновациялық Еуразия университеті

153Қазақстан-Американдық еркін университеті

154Алматы гуманитарлық-экономикалық университеті

157Азаматтық авиация академиясы

158Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті

160Еуразия технологиялық университеті

162Халықаралық көлік-гуманитарлық университеті

173Esil University

174М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті

182Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті

184«Тұран-Астана» университеті

185Астана халықаралық университеті

190Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті

196Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті

198Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

200Қонаев университеті

202Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті

223Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты

302SDU University

305Қызылорда «Болашақ» университеті

416Баишев университеті

421Қазақстан-Британ техникалық университеті

501Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

503«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті

517Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті

522Astana IT University

527Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы

908Қазақстан медицина университеті «Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі»

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары