Malim.kz
Мәдениет

Қазақстандық әртістер 30 млрд теңге қаламақысын ала алмаған. Әділет министрлігі не дейді?

Айбын Атабай
musicstudio-msk.ru

Қазақстандық әртістер авторлық құқық бойынша 30 миллиард теңге ала алмай қалды. Әділет министрінің орынбасары отандық эстрада жұлдыздарының шығындарын жариялады. Бұл туралы Malim.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Бекболат Молдабеков бұл мәселе осы жазда шешілетінін мәлімдеді.

“Әртістеріміз бен продюсерлеріміз 30 миллиард теңге жоғалтты. Біз қазір бірыңғай ақпараттық жүйе құрдық. Ол ашық және барлық келісімшарт осында қолжетімді. Ән теледидарда немесе радиода қанша рет ойнатылса да, әрбір әртіс мобильді қосымша арқылы оның барлығына қол жеткізе алады. Біз оны қаңтар айында іске қостық. Алғашқы төлемдерді маусым-шілде айларында күтеміз”, – деді әділет министрінің орынбасары Бекболат Молдабеков.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары