Malim.kz
Спорт

Қазақстандық балуан U17 әлем чемпионатында топ жарды

Арман Қайыпхан
Фото: ҰОК

Әзербайжанның Баку қаласында өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы күрестен әлем чемпионатында қазақстандық Бакдаулет Ағабек алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Malim.kz.

48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық балуан финалда үндістандық Арьянмен кездесіп, қарсыласын 10:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді.

Осылайша Бакдаулет Ағабек Қазақстан құрамасының қоржынына әлем чемпионатының алтын медалін салды.

Бүгін, 1 тамызда, тағы бір қазақстандық балуан Сағындық Темірғали (110 келіге дейін) қола жүлде үшін белдеседі.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары