Malim.kz
Спорт

Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында тағы алты медаль иеленді

Сабина Асқарқызы
ҰОК

Вьетнамның Дананг қаласында күрес түрлерінен жастар арасында Азия чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Кезекті жарыс күнінде грек-рим және әйелдер күресінің балуандары сынға түсті. Бұл сында отандастарымыз алты медаль жеңіп алды. Олардың арасында Шұғыла Өмірбек (55 келіге дейін) алтыннан алқа тақса, Алина Ертөстік (76 кг), Ерасыл Жеңіс (87 кг) күміс медальға ие болды.

Сондай-ақ, Лаура Ғаниқызы (50 келіге дейін), Виктория Хусаинова (59 кг), Диас Нұрақов (63 келіге дейін) қола жүлдегер атанып отыр.

Айта кетейік, бұған дейін грек күресінен Айбек Айтбеков (60 кг) және Ислам Евлоев (97 кг) алтыннан алқа тақты. Ибрахим Нұрмұхаммед (72 кг), Әлихан Дурсунов (77 кг), Джохар Узаров (130 кг) күміс медаль еншіледі. Ал Кирилл Минько (82 кг) қола медальға ие болған еді. 

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары