Malim.kz
Спорт

Қазақстандық ескек есуші әлем чемпионатының финалына жолдама алды

Арман Қайыпхан
Фото: ҰОК

Германияның Дуйсбург қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы академиялық ескек есуден әлем чемпионатында қазақстандық Артем Матусевич финалға шықты, деп хабарлайды Malim.kz.

Отандасымыз жеңіл салмақтағы ерлер арасындағы жекелей сында (LM1x) жартылай финалда сәтті өнер көрсетіп, 7 минут 07,75 секунд нәтижемен мәреге екінші болып жетті.

Осылайша Артем Матусевич шешуші кезеңге жолдама алып, әлем чемпионатының финалында бақ сынайтын болды.

Айта кетейік, аталған бағдарлама бойынша финалдық жарыс 26 шілдеде өтеді.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары