Malim.kz
Спорт

Қазақстандық гимнастар Challenge Cup кезеңінде сынға түседі

Сабина Асқарқызы
ҰОК

Халықаралық гимнастика федерациясы Словенияның Копер қаласында өтетін Challenge Cup кезеңіне қатысатын құрамалардың алдын ала тізімін жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Ресми мәліметке сәйкес, Қазақстан құрамасы аталған жарыста төрт гимнастпен өнер көрсетеді.

- Нариман Курбанов (ат снарядындағы жаттығулар)

- Нуртан Идрисов (ат снарядындағы жаттығулар)

- Асан Сәлімов (еркін жаттығу, қол тіреп секіру, қоссырық және кермедегі жаттығулар)

- Роман Маменов (еркін жаттығу, қол тіреп секіру, сақина және қоссырықтағы жаттығулар)

Айта кетейік, Словениядағы халықаралық турнир 28-31 мамыр аралығында өтеді.

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары