Қазақстандық өнерпаздар Эйфель мұнарасының жанында шағын концерт қойды, деп хабарлайды Malim.kz.
Осы күндері Парижде Еуропадағы қандастар мен отандастар Құрылтайы өтіп жатыр. Соған арнайы келген Қызылорда облыстық филармониясының әртістері Трокадеро алаңында қазақ әндері мен билерін орындады.
Жиналған туристер өнерпаздарға қосылып билеп, қазақ өнерін видеоға түсірді.