Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектептері жүйесіне қарасты Медеу ауданындағы мектеп оқушылары Space Settlement Contest 2026 халықаралық байқауында жоғары нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Malim.kz.
Әлемнің 31 елінен 23 мыңнан астам қатысушы бақ сынаған додада қазақстандық оқушылар «Icarus: Baiterek» жобасымен 1-орын, ал «Promethius» жобасымен 3-орынды иеленді.
Жеңімпаз командалар өз жобаларын 2026 жылғы маусымда АҚШ-тың Вирджиния штатында өтетін International Space Development Conference 2026 конференциясында таныстырады.
«Icarus: Baiterek» жобасы Юпитердің Каллисто орбитасындағы өзін-өзі қамтамасыз ететін ғарыш станциясын ұсынса, «Promethius» жобасы жасанды гравитация мен радиациядан қорғану мәселелерін зерттейді.
Сонымен қатар оқушылар «Paragon Station» жобасымен арнайы марапатқа ие болды.