Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының боксшылары кемінде 8 қола медальді қамтамасыз етті, деп хабарлайды Malim.kz.
Жасөспірімдер (17 жасқа дейін) арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар жартылай финалға шыққан 10 жекпе-жектің 8-інде жеңіске жетіп, кемінде қола медальді қамтамасыз етті.
1/4 финал нәтижелері:
50 кг дейін: Нұрасыл Ғалым – Ширю Ичино (Жапония) – 5:0
52 кг дейін: Бекхан Уразбай – Нуттапон Бунвисет (Таиланд) – 5:0
57 кг дейін: Нурислам Оналбек – Аслиддин Усубалиев (Өзбекстан) – 3:2
60 кг дейін: Эмир Мухит – Карунг Албертсон Ком (Үндістан) – 5:0
63 кг дейін: Мейіржан Жүніс – Такума Ида (Жапония) – 3:2
66 кг дейін: Ислам Сүлейманоғлы – Ранвир (Үндістан) – 5:0
70 кг дейін: Нұрасыл Оразалы – Абдувохид Абдумажидов (Өзбекстан) – 0:5
75 кг дейін: Торехан Қанатбай – Маруфжон Тошпулатов (Өзбекстан) – 0:5
80 кг дейін: Әлібек Алпамыс – Ен-Ю-Чунг (Қытай Тайбэйі) – техникалық нокаутпен жеңіс
80 кг жоғары: Сабыржан Сағым – Сидхант (Үндістан) – 5:0