Malim.kz
Спорт

Қазақстандық шпагашы Руслан Құрбанов Әлем кубогында күміс жүлде иеленді

Арман Қайыпхан
Фото: olympic.kz

Қазақстан құрамасының шпага бойынша өкілі Руслан Құрбанов Астанада өткен Әлем кубогында күміс медаль иеленді, деп хабарлайды Malim.kz.

Финалда ол Украина спортшысы Роман Свичкармен кездесіп, 15:12 есебімен қарсыласына жол берді. Осылайша, қазақстандық спортшы жарысты екінші орынмен аяқтады.

Айта кетейік, бұған дейін Курбанов Германияның Хайденхайм қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде жеңімпаз атанған болатын.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары