Malim.kz
Сұқбат

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина финалға шыға алмады

• Malim Админ

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Токио Олимпиадасындағы жартылай финалда швециялық теннисші Белинда Бенчичтен жеңіліп қалды.

73 минутқа созылған алғашқы сет Белинданың пайдасына аяқталған. Алайда Елена екінші сетте (6:4) таразы басын теңестірген. Ал үшінші сетте швециялық (6:3) басым түсті. Матч екі сағат, 44 минутқа созылды.

Енді Елена Рыбакина қола жүлде үшін таласады. Украиналық Элина Свитолина мен чех Маркета Вондроушова арасындағы жекпе-жекте жеңіліс тапқан теннисші Еленаның келесі қарсыласы болмақ.

Фото: Мәдениет және спорт министрлігі

Malim Админ
Автордың басқа материалдары