Malim.kz
Спорт

Қазақстандық жеңіл атлет Нора Джеруто Азия чемпионатында екінші рет топ жарды

Арман Қайыпхан

Оңтүстік Кореяның Куми қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында  Нора Джеруто екінші рет алтын иеленді, деп хабарлайды Malim.kz.

Нора Джеруто 5000 метрге жүгіру финалында жеңіске жетті. Ол мәреге 14:58.71 уақытпен бірінші болып келді. Екінші орынды Үндістаннан Парул Чаудхари (15:15.33), ал үшінші орынды Жапония өкілі Юма Ямамото (15:16.86) иеленді.
Бұл – Джерутоның аталған біріншіліктегі екінші жеңісі.

Фото: olympic.kz

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары