Malim.kz
MALIMet

Қазақстандықтар Республика күніне орай қанша күн демалады?

• Алуа Әшірбекова
Фото: ЖИ арқылы жасалған

2026 жылы Республика күніне орай бес күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін қазақстандықтар қатарынан үш күн, ал алты күндік кестедегілер екі күн демалады, деп хабарлайды Malim.kz.

Биыл 25 қазан – Республика күні жексенбіге сәйкес келеді. Сондықтан демалыс күні дүйсенбіге, 26 қазанға ауыстырылады. Ресми күнтізбеде бұл ауыстыру бес күндік және алты күндік жұмыс аптасы үшін де қарастырылған.

Бес күндік жұмыс аптасында

Сенбі және жексенбі күндері демалатын қызметкерлер 24, 25 және 26 қазанда қатарынан үш күн тынығады:

• 24 қазан, сенбі – апталық демалыс;

• 25 қазан, жексенбі – Республика күні;

• 26 қазан, дүйсенбі – мерекеге байланысты ауыстырылған демалыс.

Алты күндік жұмыс аптасында

Алты күндік кестемен жұмыс істейтіндер 25 және 26 қазанда қатарынан екі күн демалады. Ал 24 қазан, сенбі – жұмыс күні. Екі кесте бойынша да мерекеден кейінгі алғашқы жұмыс күні 27 қазан, сейсенбіге сәйкес келеді.

Демалыс неліктен ауыстырылады?

Ресми өндірістік күнтізбеде түсіндірілгендей, ұлттық және мемлекеттік мереке күндері жұмыс істемейтін күндер болып саналады. Мереке апталық демалыспен тұспа-тұс келсе, мерекеден кейінгі жұмыс күні демалыс болады. Сондықтан биыл Республика күніне байланысты 26 қазан қосымша демалыс ретінде белгіленген.

Бұл кесте қалыпты бес және алты күндік жұмыс аптасына қатысты. Ауысыммен жұмыс істейтін қызметкерлердің жұмыс және демалыс күндері бекітілген кестесіне байланысты болады.

Алуа Әшірбекова
Автордың басқа материалдары