Malim.kz
Саясат

Қазақстанға Черногория президенті Яков Милатович ресми сапармен келеді

Айбын Атабай
cordmagazine.com

18-20 маусым күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Черногория Президенті Яков Милатович Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

— 19 маусымда тараптар жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіп, саяси диалогты нығайту, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық перспективасын талқылайды, — делінген хабарламада.

Бұған дейін Черногория Қазақстан азаматтары үшін уақытша визасыз режим енгізетіні хабарланған.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары