Malim.kz
MALIMet

Қазақстанға ең көп турист қай елдерден келеді

Алуа Әшірбекова
Фото: ЖИ арқылы жасалған

2026 жылдың алғашқы сегіз айында Қазақстанға әлемнің әртүрлі елдерінен 325 мыңнан астам турист келген. Бұл туралы Tengrinews.kz Туризм және спорт министрлігінің деректеріне сүйеніп хабарлады, деп хабарлайды Malim.kz.

Министрлік мәліметінше, қаңтар-тамыз аралығында Қазақстанға 325 615 шетелдік турист келген. eQonaq жүйесіндегі дерек бойынша, елге ең көп саяхатшы Ресейден келген. Олардың саны 109 036 адамды құрады.

Екінші орында Қытай тұр - 62 001 турист. Үшінші орынға 20 617 көрсеткішпен Үндістан жайғасқан.

Қазақстанға келген туристер саны бойынша алғашқы ондық:

• Ресей — 109 036;
• Қытай — 62 001;
• Үндістан — 20 617;
• Өзбекстан — 13 559;
• Түркия — 11 023;
• Германия — 9 645;
• Оңтүстік Корея — 8 760;
• Қырғызстан — 6 314;
• АҚШ — 6 141;
• Ұлыбритания — 5 070.

Шетелдік қонақтардың басым бөлігі Алматы мен Астана қалаларына барған.

Алуа Әшірбекова
Автордың басқа материалдары