Malim.kz
Саясат

Қазақстанға Корея президенті келеді

Malim Админ

Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен биылғы 11-13 маусым күндері Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёль Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Екі ел басшылары келіссөз жүргізеді және қазақ-корей бизнес-форумына қатысады деп жоспарланып отыр. Сапар аясында бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылады, - делінген хабарламада. 

Фото: Ақорда

Malim Админ
Автордың басқа материалдары