Malim.kz
Саясат

Қазақстанға мемлекеттік сапармен Кения президенті келді

Арман Қайыпхан
Фото: Ақорда архиві

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Кения Республикасының Президенті Уильям Руто Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді, деп хабарлайды Malim.kz.

Ертең жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында екі елдің сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын дамыту перспективасы талқыланады.

Сонымен қатар бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.

Бұған дейін Қазақстанға мемлекеттік сапармен Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келіп-кеткен еді.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары